Бұл туралы Қостанай облысының ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
«2 қыркүйекте сағат 15: 10-да Әулиекөл ауданының Басаман және Семиозер орман шаруашылығында ағаштар мен құрғақ шөптер өртенді. Өрт аумағы — 43 мың гектар. Екі елді мекендегі 91 үй жанып кетті. Қазір эвакуацияланғандар үйлеріне оралып, қалғандары туыстарында қалды. Өрт басталғаннан бері барлығы 2 091 адам эвакуацияланды», — делінген хабарламада.
12 адам өрт кезінде жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат, күйік алып, уланған. Зардап шеккен 3 адам Әулиекөл аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр. 1935 жылы туған бір адам қаза тапты.
Жедел штаб жұмысы басталғаннан бері ТЖМ жедел желісіне 38 қоңырау түскен. 87 азаматқа консультациялық-психологиялық көмек көрсетілді, 45 баламен топтық психологиялық жұмыс жүргізілді.
Тікұшақтар әуеден 327 рет су шашты. Өртті сөндіруге 1 785 адам және 207 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында Басаман және Семиозер орман шаруашылығы басқармасы 73 адам және 21 бірлік техникадан құрылған күштері мен құралдары қалды.