Лихтенштейн
Швейцария, Аустрия секілді аса бай елдермен шекаралас мемлекетте халықтан гөрі компаниялар көп. Аумағы — 160, 4 шаршы шақырым.
Ватикан
Ватикан — 1929 жылы құрылған қала-мемлекет. Ол Римнің орталық көшелерінің біріндегі 44 гектар жерді алып жатыр. Онда Папа резиденциясы, Әулие Петр соборы, Апостоль сарайы, Сикстин капелласы секілді жылына милиондаған туристер тартатын, әлемдегі ең әдемі ғимараттар орналасқан.
Халық саны 800 адам. Алайда, ел аумағына күніне мыңдаған италиялықтар жұмыс істеу үшін ғана кіріп шығады.
Монако
Монаконың жер көлемі 2,02 шаршы шақырым. Ол монархиялық мемлекет, мұнда халық өте тығыз орналасқан. Негізгі кіріс туризмнен түседі.
Науру
Науру 1968 жылдан бері тәуелсіз мемлекет саналады. Ол Тынық мұхитындағы 21, 3 шаршы шақырым аумақта орналасқан. Халық саны — 9 мың адам. Бұл елде қарулы күштер жоқ.
Тувалу
Тувалу да Тынық мұхитындағы 26 шаршы шақырым аумақта орналасқан. Халық саны — 10,5 мың. Бұрын Британ королдігіне қараған мемлекет 1978 жылы тәуелсіздік алды.
Сан-Марино
Сан-Мариноның аумағы 61 шаршы шақырым. Ол Еуропалық кеңеске мүше елдердің арасындағы ең халқы аз ел және әлемдегі ең ежелгі мемлекет. Негізі 301 жылдың 3 қыркүйегінде құрылған. Сонымен қатар, ел әлемдегі ең бай мемлекеттердің бірі, мұнда кіріс шығыннан бірнеше есеге көп.
Маршалл аралдары
Тынық мұхитында орналасқан таңы бір шағын мемлекетте 62 мың халық бар. Ол Маршал аралдары деп аталады. Аумағы — 181 шаршы шақырым. 1986 жылдан бері тәуелсіз ел.
Бұрын АҚШ-қа қарағандықтан әлі күнге дейін солардың көмегімен өмір сүреді. Елде табиғи байлық жоқ, импорт көлемі экспортты әлденеше орап алады.
Сент-Китс және Невис федерациясы
Бұл ел Солтүстік және Оңтүстік Америка құрлықтарының арасында орналасқан екі аралдан құралған. Аумағы — 261 шаршы шақырым. Халықтың негізгі күнкөріс көзі — туризм мен ауыл шаруашылығы. Бұл жерде оффшорлық банктер ісі де мықты дамыған.
Мальдив Республикасы
Мальдив Республикасы Үнді мұхитында орналасқан. Ол жер көлемі жағынан Азиядағы ең кішкентай мемлекет. Аумағы — 298 шаршы шақырым. 400 мыңға таяу халықтың үштен екісі астанасы – Малда тұрады. Елдің басты табыс көзі туризм.
Сейшель Аралдары
1976 жылы тәуелсіз мемелекет саналатын мемлекет Үнді мұхитындағы 115 аралдан құралған. Жалпы аумағы 455 шаршы шақырым. Барлығы 84 мың адам өмір сүреді. Бұл ел де туризм арқылы күнін көріп отыр.