Министр QazVac вакцинасын тіркеу жұмысы қандай сатыда екенін айтты

Біздің вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тіркеуінен өткізу бойынша екіжақты жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Вакцинаны тіркеудің халықаралық талаптары бар. ДДСҰ мамандары былтыр келген. Биыл онлайн аудит жүргізді. Енді ДДСҰ-ның тұтас миссиясы келмекші. Солларды күтіп отырмыз. Олар вакцинаны қалай өндіріп жатқанымызды, сараптама қалай өткенін, халықаралық стандарттарға сәйкестігін тексереді, — деді ол БАҚ өкілдеріне берген жауабында.

Сонымен қатар ведомство басшысы Қазақстан жағы ДДСҰ-ның бұған дейінгі ұсынымдарын орындағанын еске салды.

Біз олардың ұсынымдарын түгел орындадық. Енді келесі миссияның келуін күтіп отырмыз. Солармен әрі қарай жұмыс істейміз. Бізден талап етіп отырғандары – бүкіл шара халықаралық стандарттарға сай болуы керек, — деді Ажар Ғиният.