Министрліктің мәліметінше, өрт сөндіруге елордадан, «Шығыс» және «Астана» өңірлік қолбасшылықтарынан тиісті әскери мамандар, даярлығы бар офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қатарынан 180-ге жуық әскери қызметші жұмылдырылған. Олар Әулиекөл ауданының Бағаналы, Озерное және Новонежинка елді мекендерінде өртті сөндіруге көмектесті.
Тілсіз жаудың таралуына жол бермеу мақсатында инженерлік бөлімшелердің әскери қызметшілері қазаншұңқыр, ор қазды. Үйінділерді тазартып, өрт сөндіретін, медициналық және басқа да техникалардың кейбір қиын жерлерден өтуі үшін жол салды. Өртті ауыздықтауға жылдам жүретін траншея, әмбебап жол машиналары, әскери экскаваторлар мен БАТ-М жол төсегіштері тартылды. Бұдан өзге өрт ауданына материалдық құралдар мен жеке құрамды жіберу үшін әскери-көлік авиациясының ұшақтары жеткізілді, — делінген хабарламада.
Ми-17 және Ми-171 тікұшақтары өрт ауданын барлап, сонымен қатар сыртқы аспада су ағызатын құрылғыларды қолдана отырып, отты тікелей сөндірді. Жұмыс барысында армия авиациясының ұшқыштары жалын ошақтарына 65 рет жалпы көлемі 175 мың литрге жуық су шашты.
Өңірдегі жағдай тұрақтана бастаған соң өрт сөндіруге жұмылдырылған қарулы күш бөлімшелерінің жеке құрамы әскери бөлімдеріне қайтып оралды.