Басты бетЖаңалықтарПрезидент пен...

Президент пен мәжіліс депутаттарын сайлауға қанша қаржы жұмсалады?

Президент сайлауы 2024 жылға жоспарланған және қаржы да 2024 жылдың бюджетінде көзделген еді. Дегенмен, өзгерістер мен жаңа тапсырмаларды ескере отырып, биыл үкімет резервінен қаражат бөлінеді. Қазіргі уақытта орталық сайлау комиссиясы есеп жүргізіп жатыр. Бұған шамамен 20 миллиард теңге жұмсалады. Шығын неліктен артып отыр? Біріншіден, ең төменгі жалақы өсті. Сайлауға байланысты барлық шығыстың 90% дерлік сайлау комиссиясы мүшелерінің жалақысына кетеді. Бұған дейінгі сайлауларға 65 мың адам қатысты. Биыл 70 мыңнан астам адам қатысады, — деді вице-министр.

Оның атап өтуінше, олардың айлығы ең төменгі жалақы есебімен саналады.

Ал 2019 жылы өткен президент сайлауында ең төменгі жалақы 42 500 теңге болса, биыл ол — 60 мың теңге.

Парламент сайлауына да шамамен осындай көлемде қаражат көзделген. Бірақ, келер жылы ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңгеге артатындықтан шығыс шамамен 25 миллиард теңгеге жуықтайды, — деді Татьяна Савельева.