Ал алтын валюталық резерв 10,6%-ға қысқарды. АВР көлемі (Ұлттық қордың активтері мен жалпы халықаралық резервті қоса есептегенде) 2016 жылдың 1 қаңтарында 91,581 млрд доллар болды. 2015 жылдың қаңтар айында бұл көрсеткіш 102,452 млрд долларды құрады.
Мемлекеттің жалпы халықаралық резерві 2015 жылдың ағашқы жартысында 29 млрд долларды құраған. Алайда бұл біртіндеп 28,5 млрд долларға төмендеп, қыркүйекте қайтадан 29 млрд долларға көтерілді. Ал 2016 жылдың 1 қаңтарында ЖХР 28 млрд долларды болды.