Басты бетЖаңалықтарКөліктер нөміріне...

Көліктер нөміріне «әдемі» әріптерді де сату ұсынылды

«Агенттік жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жасап, ақылға қонбайтын заңдылықты анықтады — «әдемі» нөмірлер мен қайталанып келетін әріптер автокөлік иелеріне оның ықтималдылығына қарамастан, жиі беріліп отыр. Бағдарламалық қамтамасыз етудің техникалық регламентіне сәйкес, автокөлік иелеріне нөмірлер Random режімінде беріледі, яғни сырттан араласу мүмкіндігінсіз кездейсоқ тәртіппен. Тиісінше, классикалық ықтималдылық теориясы бойынша ерекше нөмірдің түсу мүмкіндігі бір мыңды құрайды», — деді епартаменті басшысының орынбасары Берік Ахметов.

Осыдан бірнеше жыл бұрын «әдемі» нөмірлер ресми түрде сатыла бастады. Бұл осы саладағы жемқорлықты жою үшін жасалған болатын.

«Алайда, әріптік таңбалар мүлдем бағаланбайды. Сарапшылардың әртүрлі бағалаулары бойынша, жоғары сұранысқа ие әріп таңбалары бар нөмірлердің көлеңкелі бизнесі 5 млрд теңгеден астамды құрайды», — дейді Берік Ахметов.

Сондай-ақ департамент бюджет кодексімен ақша ставкасы белгіленген сұранысқа ие нөмірлердің тізімін кеңейту қажеттігі туралы ұсыныстарын ҚР ІІМ-ге жолдады. Егер олар қолдау табатын болса, жақын уақытта сатылатын мемлекеттік нөмірлердің тізімі айтарлықтай кеңейтілетін болады.

ДереккөзInform.kz