Екі облыста мемлекеттік кірістер департаментінің басшылары тағайындалды

ҚР премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрінің бұйрығымен Ғалымжан Қалдыкөзұлы Орынов Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды, — делінген қаржы министрлігінің хабарламасында.

Ғалымжан  Орынов 1975 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1996 жылы салық инспекторы қызметінен бастап, 2018 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған.

2018 — 2019 жылдары —қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті қаржылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы болды.

2019 жылдың мамырынан бастап қаржы министрлігі мемлекеттіккірістер комитеті Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып жұмыс атқарған.

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып Дулат Нұрахметұлы Нұрмолдин тағайындалды, — делінген хабарламада.

Дулат Нұрмолдин 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мәскеу ауданының Заградовка ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1992 жылы салық саласында инспектордан бастаған.

1999 жылдан бастап 2008 жыл аралығындағы кезеңде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық органдарында әртүрлі лауазымдарды атқарды;

2008 жылдан бастап 2010 жыл аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің бастығы;

2010-2014 жылдары Ақмола облысы бойынша салық департаментін басшысы;

2014-2015 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары;

2015-2019 жылдары Ақмола облысы мәслихатының хатшысы;

2019 жылғы мамырдан бастап Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарды.