Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады, — деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы Қостанай облысындағы ірі өртке байланысты Тоқаевтың өңірге жұмыс сапарынан бас тартатын ниеті жоқ екенін хабарлаған.
Еске салайық, Қостанай облысындағы өрт 2 қыркүйекте басталған. Жоғары температура мен секундына 20 метрге дейін болған екпінді жел өрттің одан әрі тарауына әсер еткен.
Қазіргі күні Озерное, Лесное, Аманқарағай ауылдарында 108 нысан өртеніп кетті. 10 адамды күйік шалған, бір азамат қаза болды.