Басты бетҚоғамАтырау облысы...

Атырау облысы әкімінің экс-орынбасарына қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Сотталушы Таубаев пен оның адвокаттары үкіммен келіспей, апелляциялық шағымында оның күшін жойып, Таубаевты ақтауды, сонымен бірге соттан жазаны қатаң режимге ауыстыруды сұраған прокурордың өтінішін жоюды сұрады.

Нәтижесінде алқа шыққан үкімді өзгертуге немесе жоюға және апелляциялық шағымдар мен прокурордың апелляциялық өтінішінің дәлелдерін қанағаттандыруға негіз жоқ деген қорытындыға келді.

«Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен сотталғандарға қатысты бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылып, апелляциялық шағымдар мен прокурордың апелляциялық өтініші қанағаттандырылмады», — деді облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Раиса Аққұлова.

2022 жылғы 17 мамырда Таубаевты пара алуға әрекеттенгені үшін кінәлі деп тауып, 10 жылға, Басаровты 5 жылға бас бостандығынан айырды. Үкімде олардың жәбірленушіден ірі көлемде пара бопсалаудағы кінәсі толық дәлелденгені айтылған.