Президенттің айтуынша, елген автокөлікті заңсыз кіргізетін арналарды жабу үшін тиісті шараларды қабылдау керек.
Сонымен қатар биылғы 1 қыркүйекке дейін кіргізілген осындай автокөліктерге қатысты жағдайды реттеу қажет. Оларды заңдастыру үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын сомада кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін біржолғы алым алуды ұсынамын. Бұл шаралар іздеуде тұрмаған және кедендік «тазартудан» өткен автомобильдерге қатысты болуға тиіс, — деді мемлекет басшысы.