Ұлпершек

Ұлпершек — құрамында түрлі дәрумендері бар өте пайдалы тағам. Оны үйінен ұзатылып кеткен қыз төркіндеп келгенде пісіріп беретін болған. Ол «қайда жүрсең де біздің жүрегіміздесің» деген мағынада ұсынылады.

Жылқы немесе сиырдың жүрегінен жасалады. Жүректі кітап сияқты ашылатын қылып тіліп, қанын тазалайды да, ішіне тұз бен бұрыш себеді. Сосын ұсақталып туралған ет пен маймен толытарады да, бір ай бойы ұнға батырып қояды. Уақыты келгенде фольгаға немесе аспаздық целлофанға салып пісіреді.

Быламық

Быламық

Бұрындары быламықты жаңа босанған келіндерге арнап пісірген. Ол жас ананың иммунитетін көтеріп, гемоглабинін қалпына келтіреді, тістерін бекітеді. Оны ішкен ананың сәбиі ана сүтіне тоқ болады, іші ауырмайды екен.

Быламықты жасау үшін ұн, сүт, май, тары, қант пен тұз керек. Ұнды сарғайғанша майда қуырып, сүт қосады, 5 минуттан кейін тары араластырады. Бастысы — тары қолмен өңделген болуы керек.

Жаужүрек

Жаужүрек

Бұл тағам қойдың бауырынан жасалады. «Жаужүрек» деп аталуының себебі — оның құрамында қорқынышты жоятын гормонға әсер ететін элемент бар. Сондықтан оны ер адамдар мен жас балаларға береді. Сондай-ақ қойдың бауырында миокард инфарктының алдын алатын гепарин бар.

«Жаужүректі» ыстық тіскебасар ретінде ұсынуға да болады.

Балқаймақ

Балқаймақ

Балқаймақ — қазіргі кәмпиттерден де тәтті тағам. Оны жасау үшін қаймақты ақырын отта пісіріп тұрып, ұн мен бал қосады. 10-15 минут араластырып тұрып, отты өшіреді де, қаймақты бұқтырып қояды. Егер от қатты болып кетсе, қаймақ майға айналып кетуі мүмкін.

Қазіргі таңда кейбіреулер оны торттың арасына жағатын крем ретінде пайдаланады. Ал бұрындары оны гастрит пен асқазан жарасына қарсы дәрі ретінде жасаған. Ол үшін құрамына аздаған қызыл бұрыш қосады.

Өрметөс

Өрметөс

Күйеу бала қонаққа келгенде ұсынылатын бұл тағам қазір қарапайымданып кеткен. Қазіргілер қой сойғанда оның ішек-құрылысын тастай салады. Олардың өте пайдалы екенін ескере бермейді.

Өрметөс — қой төсінен жасалатын тағам. Оны екіге айырып, екі шетін өру арқылы құс қанатына ұқсас қылып жасайды. Бұл күйеу балаға «қанатың талмасын!» деген тілектестікті білдіреді.

Ал сіз тағы қандай тағамдар ұмытылып бара жатыр деп ойлайсыз? 

26 пікір

  1. Бөсерік, үлпүлдек, көмбе, әсіп, жаппа дегендерди билмеймизба,негізі қазақтардан сурасаныз улттық тагамдарды билетиндери бешбармакпен куырдак, сонда ата-бабамыз осы еки тамак жеп оскен сиякты болмеймиз озимизди озимиз танымаймыз баска халыктар оздеринин улттык салт-дастурлнрин умыткан жок ал биз билмеймиз.Осы жайлы ангиме козгасан коп қазақтар танауын котерип ол кездегилер не жесе о жесин жумысымыз ннэе биздин дейди

  2. Халайык жаксы бастама ,отирик те болса тауелсиздиктин аркасында казакы дастур, кол онери кайтып жангырып жатыр.Билетиндериниз болса ортага сала журиниздер.Канша зат ешкимге айтылмай бир кисинин ишинде кетип жатыр.Арамыздан коненин коздери кетип жатканда карттары бар азамат пен азаматшалар кагаздын бетине тусирип алсаныздар нур устине нур болар еди.Шынына келсек кунделикти жеп журген астан баска билмеймиз го ,сол олкылыгымызды толтырсак жаксы болар еди.

  3. Быламықты мен бала-бақшада істеп жүргенде «қаша Маро» деген атпен балаларға дайындайтын.
    Оңтүстікте «Атала » деп атайтын.Бала күнімізде талай жедік.тары қоспайтын ұнның
    өзінен.Өрметөс,балқаймақты анам марқұм пісіретін еді.

  4. Мипалау бар. Өте тамаша тағам. Тағы айтайын дегенім, жаужүректі күзде ешкі семірген кезде соның бүйрек майынан жасайтвн тағам емес пе?! Мұны кез келген қойшыдан мұраңыз. Əдемілеп тұрып айтып береді. Жаужүректі ұмытатындай заиан əлі келген жоқ. Ақпараттарыңызды дұрыс жариялаңыздар. Халықты адастырмай.

  5. Рахмет мен оңтүстіктенмін шынында мыналарды білмейді екенмін. Ауылда-ақ өскенбіз. Анам марқұм көп тағамдарды білуші еді, бірақ мынаны әзірлемепті. Тағы да алғыс білдіремін!

  6. Жоғарыда көрсетілген және өзге де көптің қолданысынан қалып бара жатқан тағамдар мен асты ұлттық тағам ретінде ас мәзіріне енгізетін уақыт келді ғой деймін. Шынында бізде қамыр ауқат (ет асу) пен қуырдақтан басқа ұлттық асты дәмханалардың ас мәзірінен көре бермейміз. Осыны қолға алып қазақтың ұлттық тағамдарының ас мәзірін толықтырып, жаңалайтын болса шынында керемет болар еді.

  7. «Қарынбүрме» деген тағам бар. Жастау уақ мал, лақ немесе қозының қарнына барлық мүшесін салып қарыннаң аузын бүріп аузына түтікше қалдырып байлап, мысалы ол уақта қалың қамыстан кесіп алған шығар, түтікшені бетіне қаратып ұзақ уақыт 2-3 сағат өте жəй қайнатады.

  8. кактама коже де бар, сут пен отка какталган камырды (лаваш) жулып жулып салып кайнатады!оте дамди .

  9. Керемет мен бұрын білмейтін едім енді біліп жүретін болдым???

  10. ия тамаша кеңес,мен де таң қалдым.Ұмытылып бара жатқан тағамдарды осылай жария етіп тұрыңыздар.рахмет

  11. Мен мына кәмпиттен де тәтті балқаймақтық жасалу жолын құптпамаймын өйткені балқаймақ атам заманнан бері қазақтың тастамай қолданып келе жатқан ұлттық тағамдарының бірі кәзірде кез келген үйдің дастарханында.Ол түйенің сүтінен жасалады.Түйенің сүтін маздап жанып жатқан оттың үстіне қойып ұзақ қайнатады.Қайнай- қайнай сүт қоңырайып қоюланады,осы кезде астын үнемі былғап отыру керек ,әйтпесетүбі күйіп дәмі бұзылып кетеді.Әбден қоюланып суы сарқылып азайған кезде дәмін татып қарап аздап секер салуға болады .Содан соң қалдық суынан ажыратып көбінесе дөңгелек формаға келтіріп суытып қойып әріі қарай пайдалана беруге болады. Жент деп аталатын тамақ аз қолданыста деп ойлаймын. Ол сиырдың сүтінен жасалатын кепкен ірімшікті тарының талқаны сияқты әбден ұнтақтап үстіне қыздырылған сары май қосып, аздап секер қосып былғайды,сол кезде дәмі тәтті сүйсініп жейтін тағам болып шығады

  12. Балқаймақтың жасалуы дмүлдем дұрыс емес

  13. Ия игі бастама екен.Жалғасын тауып көбейе берсін.Рахмет.

  14. оз басым бул тагамдарды билмейди екем. Балкаймак деп бул жерде туйенин сутинен жасалатын емес, баска тагам айтылып турган сиякты. аттары бирдей. осындай малиметтер коптеп жарияланса екен. тамактардын аттарын келтирген адамдар рецепттерин де жаза кетсендер. рахмет

  15. Қимай деген тағам бар. Көкжайлауда шілде тамыз айларвнда отардағы қой ешкінің қаны тазарады екен.Бауыздаған кезде біраз аққан соң екінші қанды ыдысқа тосып алып шарбы майы тау сарымсағы мен тұз бұрыш қосып араластырып, бүйенге құйып пісіреді.Дəмі балдай жəне анемияға таптырмайтын ем.
    Сондай-ақ, Бауыр-жұмыр деген ас бар.Жұмырды ( малдың асқазаны) тазалап ішіне шарбы май мен бауырды туздап салады.Батыста бүған ұқсас бұжы деген тағам бар ішмай бауырды турап тұз ұн араластырып жасайтын. Жөргем деген де дəмді ас. Малдың қарнын тазалап ұзыннан шылбырлап тіліп, тоқ ішек жəне ащы ішекпен өреді.
    Жент деген тағам бар.
    Қызыл ірімшікті мясорубкадан өткізіп кетіреді.сосын оған талқан тары қант қосып жылқының майымен араластырады.Өте дəмді əрі құнарлы ас.
    Малта- жазда қайнатып кептіріп алған кепкен сүр құрттарды кең ідысқа салып үстіне қайнаған су құйып аздап тұз салып бетін жауып шайқап қояды.Біраз уақыттан кейін шайқап ішеді.Суы қымыз сияқты шөл қандыратын сусын ал, құрттар сырты сумен шайқалып майда домалақ малта болады. Алты малта ас болмай ерлердің ісі біте ме?-деген осыдан қалса керек.Малтаны жолға алған.

  16. Қимай деген тағам бар. Көкжайлауда шілде тамыз айларвнда отардағы қой ешкінің қаны тазарады екен.Бауыздаған кезде біраз аққан соң екінші қанды ыдысқа тосып алып шарбы майы тау сарымсағы мен тұз бұрыш қосып араластырып, бүйенге құйып пісіреді.Дəмі балдай жəне анемияға таптырмайтын ем.
    Сондай-ақ, Бауыр-жұмыр деген ас бар.Жұмырды ( малдың асқазаны) тазалап ішіне шарбы май мен бауырды туздап салады.Батыста бүған ұқсас бұжы деген тағам бар ішмай бауырды турап тұз ұн араластырып жасайтын. Жөргем деген де дəмді ас. Малдың қарнын тазалап ұзыннан шылбырлап тіліп, тоқ ішек жəне ащы ішекпен өреді.
    Жент деген тағам бар.
    Қызыл ірімшікті мясорубкадан өткізіп кетіреді.сосын оған талқан тары қант қосып жылқының майымен араластырады.Өте дəмді əрі құнарлы ас.
    Малта- жазда қайнатып кептіріп алған кепкен сүр құрттарды кең ідысқа салып үстіне қайнаған су құйып аздап тұз салып бетін жауып шайқап қояды.Біраз уақыттан кейін шайқап ішеді.Суы қымыз сияқты шөл қандыратын сусын ал, құрттар сырты сумен шайқалып майда домалақ малта болады. Алты малта ас болмай ерлердің ісі біте ме?-деген осыдан қалса керек.Малтаны жолға алған.

  17. Қорықтық деген ас бар.
    Өрістегі малды сауып ыдыстағы сүтке таудың тасын қыздырып салады.Сүт борылдап піседі.Дəмі тіл үйіреді дид.

  18. Қимай деген тағам бар. Көкжайлауда шілде тамыз айларвнда отардағы қой ешкінің қаны тазарады екен.Бауыздаған кезде біраз аққан соң екінші қанды ыдысқа тосып алып шарбы майы тау сарымсағы мен тұз бұрыш қосып араластырып, бүйенге құйып пісіреді.Дəмі балдай жəне анемияға таптырмайтын ем.
    Сондай-ақ, Бауыр-жұмыр деген ас бар.Жұмырды ( малдың асқазаны) тазалап ішіне шарбы май мен бауырды туздап салады.Батыста бүған ұқсас бұжы деген тағам бар ішмай бауырды турап тұз ұн араластырып жасайтын. Жөргем деген де дəмді ас. Малдың қарнын тазалап ұзыннан шылбырлап тіліп, тоқ ішек жəне ащы ішекпен өреді.
    Жент деген тағам бар.
    Қызыл ірімшікті мясорубкадан өткізіп кептіреді.сосын оған талқан тары қант қосып жылқының майымен араластырады.Өте дəмді əрі құнарлы ас.
    Малта- жазда қайнатып кептіріп алған кепкен сүр құрттарды кең і
    ыдысқа салып үстіне қайнаған су құйып аздап тұз салып бетін жауып шайқап қояды.Біраз уақыттан кейін шайқап ішеді.Суы қымыз сияқты шөл қандыратын сусын ал, құрттар сырты сумен шайқалып майда домалақ малта болады. Алты малта ас болмай ерлердің ісі біте ме?-деген осыдан қалса керек.Малтаны жолға алған.

  19. Бидайкоже мение балалык шагымнын умытылмас тагамы.окинишке орай оны калай дачу керектигин билмеймин.

  20. Қимай — соғымға сойылған сиыр етінен дайындалатын кәделі тағам. Сиырдың тоқ ішегін тұздай, айналдырып оның ішіне кесек етіп туралған төстік пен төстің етегін, бұрыш, тұз, жуа қосылған етті салады. Қимайға төс етінен басқа сан, қол еттері де пайдаланылады. Шұжық сияқты қимай салынған ішектің де екі ұшы істікпен түйреліп, ыстап кептіріледі. Қимайды асып жеуге де, жазғытұрым ет азайған кезде қуырып жеуге де болады. Қимайдың ерекшелігі, оның майы мен қара кесек еті тең болады. Оны кейде «сиырдың қазысы» деп те атайды. Қимайды салқындатып асқан етке қосып береді.

    Дайындау үшін: майлы ет 500 г, 1 шай қасық тұз, 2 түйір жуа, жарты шай қасық қара бұрыш керек.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!