Кеңеске Алматының квазимемлекеттік ұйымдарының басшылары, мемлекеттік органдар мен ірі ұлттық холдингтердің өкілдері қатысты.
Бүгінде Алматыда квазимемлекеттік ұйымдардың ең көп саны орналасқан. 2020 жылдың басынан бері квазимемлекеттік сектордың 420 ұйымында қызметі корпоративтік секторда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған комплаенс қызметі құрылды.
Іс-шараны аша отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметі басшысының орынбасары Жігер Байділдин корпоративтік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша нәтижелерге қол жеткізу үшін комплаенс қызметтеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, мүдделер қақтығысын жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізуді қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.
Тәжірибе көрсеткендей, көптеген ұйымдар тек комплаенс құрумен немесе кадрлық және құқықтық қызметтерге міндеттер жүктеумен шектелді, сондықтан бұл жаңа институттың негізгі мақсаттарына қол жеткізілмеді.
Осы кемшіліктерді жою үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің үлгілік ережесін әзірлеп жатыр.
Сонымен қатар кадр тапшылығын жою үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру шеңберінде комплаенс-мамандарды даярлау бойынша жеке мамандық енгізіліп жатыр.
Комплаенстің тиімді қызметін іске асыру мәселелері біздің ерекше бақылауымызда. Қазіргі уақытта комплаенс қызметтерінің жұмысына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаулардың сапасына жіті назар аударылуда, — деді Алматы әкімі аппаратының басшысы Әсет Нұрпейісов.
Соңында комплаенс институтын сәтті іске асырған бірқатар ірі компаниялардың өкілдері кездесуге қатысушылармен өздерінің оң тәжірибелерімен бөлісті.