Алматы әкімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кеңес өткізді

Отырысқа аудан әкімдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, квазимемлекеттік сектордың басшылары мен қоғам өкілдері қатысты.

Ерболат Досаев өзінің сөзінде сыбайлас жемқорлықты жою үшін парақорлық жағдайларды барынша азайтуға мүмкіндік беретін жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Әрбір басшы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған нақты шараларды қабылдауы  тиіс. Мемлекеттік органдардың әрбір басшысын KPI-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралары, ал оның ішінде қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша бағалауды қарастыру қажет, — деді қала әкімі Ерболат Досаев.

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Оразханның айтуынша, бүгінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесінде оң ілгерілеу бар.

Мемлекеттік қызметшілердің өздеріне ұсынған пара туралы хабарлайтын тренд байқалады, кейбір жағдайларда олардың сомасы 70 млн теңгеден асады. Жастар арасында да дүниетаным өзгеруде, әлеуметтік желілерде оқушылар ғимаратты заңсыз жалға беруді жоспарлаған мектеп директорының іс-әрекетіне жүгінді, — деді Асхат Оразхан.

Ағымдағы жылдың алты айында Алматыда сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 640 мың теңгеден астам сомаға 3 адам ынталандырылды.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, комплаенс-қызметті енгізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тетіктері мен қорытындылары қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша қала әкімі Ерболат Досаев мемлекеттік органдардың басшыларына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту бойынша тұрақты жұмыс жүргізуді тапсырды.