Басты бетЖаңалықтарҚуантыров: 2025...

Қуантыров: 2025 жылы ұлттық қордың ақшасы 92,3 миллиард доллар болады

«ҚР ұлттық қорынан 2023-2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасы бюджет кодексінің жаңа талаптарын ескере отырып әзірленді.

Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері бюджет қағидаларына сәйкес мұнайдың кесімді бағасын ескере отырып айқындалды.

Осылайша, заң жобасында мұнайдың кесімді бағасы 2023 жылы барреліне 48,9 АҚШ доллары, 2024 – 2025 жылдары барреліне 42,2-40,3 АҚШ доллары деңгейінде белгіленді.

Осыны ескере отырып, республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2023 жылы 2,2 триллион теңге, 2024 жылы 2,0 триллион теңге, 2025 жылы 1,9 триллион теңге көлемінде белгіленді, — деді министр.

Осылайша, ұлттық қор қаражатын пайдалану жоспары жасалған кезде мұнай бағасының болжамды көрсеткіші қазіргіден әлдеқайда төмен болғандықтан ұлттық қорға бағытталатын түсім алдағы уақытта артуы керек.

Қағидаларды жоспарлы кезеңде қолдану ұлттық қордың валюталық активтерін 2023 жылы 66,7 миллиард АҚШ долларына дейін қалпына келтіруге, одан әрі 2024 – 2025 жылдары 78,8 – 93,2 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғайтуға ықпал етеді.

Біздің болжамдар бойынша ұлттық қордан тартылатын қаражат пен орта мерзімді кезеңде шығыстардың өсу қарқынының жоғарғы шегін белгілеу фискалдық тәртіпті арттыруға және ұлттық қордың жинақтау функциясын күшейтуге мүмкіндік береді, — деді Әлібек Қуантыров.