Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылығы К.Қ. Мәсімовке, А.Т. Садықұловқа, Д.Е. Ерғожинге, М.С. Өсіповке және лауазымды адамдар Д.М. Акиповке, Н.К. Бекмұратқа, А.А. қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, — делінген хабарламада.
- Мәсімовтің және Садықұловтың әрекеттері қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 179-бабы 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану);
- Ерғожин қылмыстық кодекстің 179-бабы 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану);
- Өсіпов қылмыстық кодекстің 362-бабы 3-бөлігі бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану);
- Акипов және Бекмұрат қылмыстық кодекстің 362-бабы 1-бөлігі бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) сараланды.
Қазіргі уақытта күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатқаны айтылды.
Іс материалдарымен танысу кезеңіне қамауда ұстау мерзімі Мәсімов пен Садықұловқа 6 қазанға дейін, Ерғожинге 13 қазанға және Өсіповке 22 қазанға дейін ұзартылды, — делінген хабарламада.