Басты бетЖаңалықтарПавлодарда қыздың...

Павлодарда қыздың басынан кірпішпен ұрған ер адам ұсталды

Полиция қызметкерлері күдікті ер адамды ұстады. Ол Павлодардың 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Соталды өндірісті жүргізу барысында ер адам қыздың ұялы телефонын тартып алғысы келгені анықталды. Тергеу қарақшылық шабуыл дерегі бойынша жүріп жатыр. Күдікті Павлодардың уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Еске салайық, 23 тамызда Павлодардың орталық полиция бөліміне 20 жастағы павлодарлық қыз жүгінген болатын. Азаматша 21 тамызда сағат 01:10-да үйдің кіреберісінде өзін кірпішпен ұрған белгісіз адамға шара қолдануды сұрады.