Басты бетЖаңалықтарБүгін Қасым-Жомарт...

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжанға барады

24 тамыз күні мемлекет басшысы Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен Баку қаласына ресми сапармен барады.

Әзірбайжан астанасында екі ел басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулері жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса мән беріле отырып, қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігін дамыту мәселелері қарастырылады.

Сонымен қатар екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады, — делінген хабарламада.