Кеңес барысында Алматы қаласы таратылған ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының (оның құқықтық мирасқоры кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы болып табылады) лауазымды адамдарына қатысты қылмыстық іс бойынша агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялауға бөлінген 430 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша ҚІЖК-нің 200-бабының тәртібімен енгізілген ұсыным қаралды.
Лауазымды адамдарға мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аталған құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептерді жою жөнінде тиісті ұсынымдар енгізді.