Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берген министр, Қазақстандағы ақбөкен санының шамадан тыс өсуіне қатысты әлі нақты шешім қабылданбағанын айтты.
Халық жолдаған ұсыныстарды қарастырып жатырмыз. Яғни, ақбөкендерді басқа аймақтарға мәжбүрлеп көшіру мәселесі. Көбісі басқа облыстарға көшірейік деді. Бірақ өкінішке орай, ғылыми қоғамдастық бұл шешімді тиімсіз және рұқсат етілмеген әдіс деп таныды, — деді министр.
Оның айтуынша, халық жіберген ұсыныс арасында қасқырлар санын көбейту туралы ұсыныс болған, бірақ бұл ақбөкендер санының азаюына көмектеспейді.
Сонымен қатар министр 2023 жылға қарай спорттық-әуесқойлық аң аулауды ұйымдастыру мәселесі қарастырып жатқанын айтты.
Бұл ақылы болады. Бұған дейін ақбөкен Қызыл кітапқа енбегені айтылған болатын. 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін аң аулауға тыйым салынды. Ал бұл мәселе қарастырылып жатыр. Қазан айының соңына дейін бір шешімге келеміз, — деді Брекешев.