Басты бетЖаңалықтарТоқаев Түркия...

Тоқаев Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев Түркияның Мардин және Газиантеп провинцияларындағы жантүршігерлік жол-көлік апаттарынан көп адамның қаза табуы мен бірқатар азаматтың ауыр жарақат алуына байланысты президент Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Осындай қиын сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтың және жеке өзімнің атымнан сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сонымен қатар бауырлас түрік халқына қайғыра көңіл айтамын. Марқұмдардың Алла Тағаланың шапағатына бөленуін, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін, – деп жазылған президенттің жеделхатында.

Еске салайық, Түркия автожолында болған оқиға салдарынан 16 адам қайтыс болып, 22 адам зардап шеккен болатын.