Елімізде коронавирустан бір адам қайтыс болды

19 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 1 адам қайтыс болды. 2020 жылғы 13 наурыздан жалпы 13 677 адам қайтыс болды. 2020 жылғы 1 тамыздан коронавирус пневмониясынан қаза боғандар саны – 5 357 науқас.

Қазіргі уақытта ел өңірлерінде коронавирустан 21 925 адам, оның ішінде 21 601 науқас коронавирустан (КВИ+), 324 науқас пневмониядан (КВИ-) емделіп жатыр. Пациенттердің 917-сі стационарда жатса, 21 008-і амбулаториялық жағдайда ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

— 38 адамның жағдайы ауыр,

— 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

— 5 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.