Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында үсік болады.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз күші секундына 15-20 метр. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылордада жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метр болады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні секундына 25 метр. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.
Түркістанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.
Қостанай облысының солтүстік-шығысында найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігін тұман басады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр.
Қостанайда түнде және таңертең тұман болады.