Басты бетҚоғамШығыс Қазақстанда...

Шығыс Қазақстанда 10 адам суға батып кетті

Жазда судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында 2000-нан астам рейд жүргізілген. Құтқарушылар, полиция қызметкерлері және еріктілер өзен-көл жағалауларында әлі рейд жүргізіп жүр.

2022 жылдың басынан бері 10 адам суға батып кеткен. Қайғылы жағдайлардың жетеуі шомылу маусымында болған.

Профилактикалық рейдтердің нәтижесі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен (алкогольді ішімдік ішу немесе қоғамдық орында мас күйде жүру) 47 азамат, 364-бабымен (ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу) 48 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мас азаматтарды анықтап, жауапқа тартудың маңызы зор. Арнайы жабдықталған жағажайда ғана шомылу керек. Ешқашан қауіпті жерге барып, өміріңізге қауіп төндірмеңіз. Тыйым салу белгілері су түбінің тексерілмегендігін көрсетеді, – дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.