Басты бетҚоғамЖыл басынан...

Жыл басынан бері негізгі азық-түлік бағасы 18,7% өсті

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жыл басынан бері негізгі азық-түлік бағасының өсуі 18,7% болды.

Әкімдер мен ауыл шаруашылығы министрлігінің негізгі азық-түлікпен қамтамасыз ету туралы ақпаратын тыңдаған Серік Жұманғарин алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді белгіледі.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді өндірушілер қауымдастығымен кездесу сессиясын өткіздік. Айналым қаражатын қаржыландыру және бөлу схемасын қайта қараймыз, ӘМАТ-тың бес атауы бойынша өндірушілермен тікелей келісімшарт жасасу схемасына көшуді жоспарлап отырмыз. Міндетіміз – тапшылыққа жол бермеу және негізгі азық-түлік өнімдері бағасының өсу қарқынын төмендету. Бұл жұмысты сауда комитетіне тапсырамын, — деді Серік Жұманғарин.