Басты бетҚоғам"Болашақ" тағылымдамасына...

«Болашақ» тағылымдамасына құжат қабылдау 5 қыркүйекте басталады

Өтінімдер 14 қазанға дейін Egov.kz порталында қабылданады. Биыл тағылымдама бағдарламасына 110 стипендия бөлінді.

2022 жылы тағылымдамадан өтуге қызметкерлердің мына санаттары бекітілген:

  • инженерлік-техникалық қызметкерлер
  • медициналық қызметкерлер
  • мәдениет, туризм және спорт саласының қызметкерлері
  • бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері
  • агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері
  • мемлекеттік қызметкерлер
  • орта, техникалық және кәсіптік білім беретін ұйым педагогтері.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуге арналған басым мамандықтардың тізімінде 158 мамандық бар.

Тағылымдамадан өтетін стипендиаттар кепілге мүлік ұсынбайды. Міндеттемелерді орындау үшін екі гарант ұсыну жеткілікті. Соңғы 12 айда тұрақты табысы бар 50 жасқа дейінгі ҚР азаматтары гарант бола алады.

Тағылымдамадан өтетін үміткерлердің кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс. Соңғы 12 ай бойы таңдаған мамандық бойынша жұмыс істеуі керек.

Сонымен қатар тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымнан шақыру, деңгейі кемінде В1 ҚАЗТЕСТ сертификатының болуы міндетті.