Білім беру ұйымдарын аттестациялау өзгереді

Біздегі мемлекеттік аттестация жалпы өзгереді. Оның ішінде қазір балабақшалардың мемлекеттік аттестациясы мәселесін де өзгертіп жатырмыз. Бүгін секциялық отырыстар барысында осы қазіргі уақытта нақты айындалған құжаттарды қабылдауларыңызды сұраймын. Оны біз балабақшалардың өздерімен келісуіміз керек. Бізге керегі, аттестациядан өткізген кезде тек қана үстінен жүріп өтпей, жалпы қажетті критерийлерді көріп, қажетті сауал жүргізу, — деді Асхат Аймағамбетов.