Үш облыста экономикалық тергеп-тексеру басқармасы басшылары тағайындалды

Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент әкімшілігінің келісімі бойынша, агенттік төрағасының бұйрығымен Ерік Есенов қаржы мониторингі агенттігінің Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысы қызметіне тағайындалғаны айтылды.

Талғат Таңатаров Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысы қызметіне тағайындалған.

Сонымен қатар Нұрлан Кәрімов Абай облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті басшысының уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Еске салайық, 8 маусымда Қазақстан президентінің жаңа аймақтарды құру туралы жарлығы күшіне енді.