Бұл туралы Еnergyprom.kz сайты хабарлады.
Өңірлер арасында өндірістің ең көп көлемі дәстүрлі түрде Қостанай облысында тіркелді – 552,4 мың тонна. Сонымен қатар алғашқы үштікте Солтүстік Қазақстан облысы (164,5 мың тонна) мен Шымкент (141,5 мың тонна) бар.
Еліміздің ұн тартушылары ішкі нарықты жоғары деңгейде қамтамасыз етіп отырғаны айтылған. Мысалы, биылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар сұранысты 98,9%-ке қамтамасыз етті.
Импорт 2,4 есеге өсті, бірақ бұл осы кезеңдегі елде өндірілген 1,3 миллион тоннаға қатысты 14,4 мың тонна ғана. Ал экспортқа 764,7 мың тонна ұн шығарылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 36,2%-ке көп. Экспорттың үлесі 58,1%-ті құрады, — деп жазылған материалда.
Мониторингтік компанияның мәліметінше, ішкі сатылым 21,3%-ке (551,7 мың тонна) төмендеген.
Экспорттың ұлғаюы байқалады: 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында ол ақшалай түрде бір жыл ішінде бірден 86,8%-ке өсті (292,6 миллион АҚШ доллары).
ТМД елдеріне 212,7 мың тонна ұн жөнелтілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,1%-ке артық. Қазақстан ұнының басым бөлігі Өзбекстанға жөнелтілді: 158 мың тонна – 2021 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 17,6ке-ға артық. Үздік үштікке Түркіменстан мен Тәжікстан да кіреді.
ТМД-дан тыс елдерге жалпы сомасы 223,7 миллион доллар болатын 552 мың тонна ұн жөнелтілді. Мұнда барлық дерлік көлем Ауғанстанға тиесілі: 551,5 мың тонна – бір жыл бұрынғыдан 47,1%-ке артық.
Мониторинг деректеріне сәйкес, еліміздің ірі қалалары арасында жоғары сұрыпты ұнның ең жоғары бағасы елордада (424 теңге), ең төменгісі Павлодарда (кг үшін 222 теңге) тіркелді.