Президент әкімшілігінің басшысы агенттіктің бұрынғы төрағасы Серік Жұманғаринге табысты қызметі үшін алғыс білдіріп, оның жоғары кәсіби біліктілігін атап өтті.
Мұрат Нұртілеу ведомство ұжымына жаңа басшыны таныстыра отырып, Марат Омаровтың әртүрлі жауапты лауазымдарда мол тәжірибе жинағанын айтты.
Мұрат Нұртілеу қазіргі уақытта ведомство қызметінің алдында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қойған маңызды міндеттер тұрғанына баса мән берді. Атап айтқанда, агенттік әділ бәсекені дамыту және қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыруға, экономиканы демонополизациялауға, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке араласуын шектеу жұмысына бар күш-жігерін жұмылдыруы тиіс.
Сөз соңында президент әкімшілігінің басшысы агенттік ұжымына табыс тіледі.
Еске салайық, 17 тамызда Марат Омаров бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалған болатын.