Марат Омаров: Әр адам мәдени және рухани жағынан сауатты болуы керек

Марат Омаров-әнші, композитор, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген әртіс, сондай-ақ еліміздің Композиторлар Одағының мүшесі.

Әртіс шығармашылық, жеке өмірі және сыбайлас жемқорлыққа қатысты өзінің көзқарасы туралы сұрақтарға жауап берді. Жас ұрпақты тәрбиелеудің, парасаттылық пен адалдық қағидаттарын бойына сіңірудің маңыздылығы туралы айтып берді.

Әр адам мәдени және рухани жағынан сауатты болуы керек. Бұл әсіресе жастарға, біздің өскелең ұрпаққа қатысты. Өйткені олар Қазақстанның болашағы. Салауатты өмір салтын ұстану, көп кітап оқу және өзін-өзі жетілдіру қажет. Отанға деген сүйіспеншілікті ояту-бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте міндетті түрде оң нәтиже береді, — деп санайды Марат Омаров.

Тікелей эфир барысында композитор танымал әндерінің бірін орындап берді.

Алматы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет парасаттылық идеологиясын ілгерілетудің жаңа форматын Antikor Live жобасы шеңберінде Қазақстанның танымал тұлғаларын тарта отырып жалғастыратын болады.