Мұхтар Тілеубердіні Сингапурға жасаған ресми сапарының екінші күні Сингапур Республикасының президенті Халима Якуб Истана ресми резиденциясында қабылдады.
Тараптар екі ел арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту және экономикалық байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылады. М.Тілеуберді Сингапур басшысына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектері мен сәлемін жеткізді. Мемлекет басшысының Сингапурға алдағы ресми сапарын ұйымдастыру мәселелері қозғалды.
Министр сұхбаттасын Конституцияға толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша елде өткізілген жалпыхалықтық референдумның нәтижелері, сонымен қатар мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстанды» құру бойынша саяси және экономикалық реформалары туралы егжей-тегжейлі таныстырды.
Х. Якуб ҚР президентіне жылы лебізін білдіріп, Қазақстан мен Сингапур арасындағы сенімді диалог пен өзара қолдауға негізделген саяси диалог пен өзара тиімді серіктестіктің жоғары деңгейін атап өтті.
Сингапур президенті Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге және жаһандық дінаралық диалогты ілгерілетуге ұмтылудағы, Нұр-Сұлтанда өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысушы елдердің алдағы саммиті және әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі шеңберіндегі Қазақстанның қызметін жоғары бағалады.
Сол күні СІМ басшысы М.Тілеуберді Сингапур Республикасы премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі, халықтық іс-қимыл партиясының төртінші буын (4G) командасының саяси көшбасшысы Лоуренс Вонгпен келіссөздер жүргізді.
Қазақстанның Сингапурмен ынтымақтастығының маңызды элементі көліктік, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимыл болып табылады. Осыған байланысты тараптар экономикалық кооперация жобаларын және өзара тиімді ынтымақтастық бағдарламаларын ілгерілету мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.
Қазақстанның транзиттік әлеуетін кеңейтуге және өңдеу өнеркәсібі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, құрылыс және қаржы салаларындағы Қазақстан-Сингапур кәсіпорындарының жобаларын дамытуға ерекше назар аударылды. Сингапур тарапы «Астана» Халықаралық қаржы орталығының қызметі және Орталықтың негізгі бағыттарын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етілді. Қазақстандық қаржы орталығы үшін капитал нарығын дамытудың сингапурлық тәжірибесін зерделеу өте маңызды екені атап өтілді.