Ақпаратты Шымкент қаласы әкімдігі ұсынды. Фотосурерттер авторы Мақсат Шағырбаев.
Таңертең далаға шыққаныңызда ауланың сыпырылып, таза тұратынын Сіз де байқайтын шығарсыз? Түнде көрген қоқыстар да жоқ. Көшеге шыққаныңызша қаланы айнадай еткен кім? Күні-түні қардан, қоқыстан тазартып, гүл мен талды суарып жүретін жандар туралы не білесіз? Олардың жұмысын жеңілдетіп, яки ауырлатуға ат салысып жүргендердің бірі емессіз бе?
Таңғы сағат 4.00-де ол өзіне таңғы асы мен түстігін даярлайды. Жексенбі күні демалыс. Егер далада қар жауса, демалысқа қарамастан жұмысқа шығады.
«Жылы киімдерді бізге жұмыстан береді. Бірақ қанша қымтанып, оранып алсақ та, суық», — дейді Лейла.
Автобус паркіне жету үшін ол күн сайын 1 км жол жүреді. Арнайы көлік сағат 5.30-да оны басқа қызметтестерімен бірге ауданның әр аймағына жеткізеді.
«Алғашында осы жұмыстан ұялып, «таныстарым көріп қалмасын» деп жасырынып жүретінмін. Кейіннен «еңбек етіп, адал нан тауып жүрмін ғой» деп бекіндім», — дейді Лейла.
Ол әр күн сайын 5 000 шаршы метр жерді тазалайды. «Жұмыс ауыр. Бірақ жеңіліне барсаң, нан жоқ», — дейді аула сыпырушы.
Лейла осы қызметте 10 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
Оның айлық табысы — 54 мың теңге. «Тұрмысыма негізі жеткілікті ақша. Бірақ қызым студент болған соң, кейде қиындықтар туып жатады», — дейді ол.
«Небір адамдарды кездестіруге болады. Кейбір жас балалар көмектесіп жатады, ал кейбіреулері әдейі қоқыс тастайтындай көрінеді. Сонда да өмірде мейірімді, жақсы адамдар көп», — деп атап өтті ол.
«Түскі асты өзімізбен бірге ала келеміз. Бірақ қыста ол бәрібір суып қалады ғой. Күнделікті арнайы будкада тамақтанамыз. Кейде болады, тұрғын үйлердің жөртөлесінеде (подвал) түстенеміз», — деп қымсынып жымиды Лейла.
«Көбінің басында несиесі бар. Кейбірі — отбасынның жалғыз асыраушысы. Бірақ мұндай мәселелер біздің жадырап жүруімізге тосық болмайды. Бір-бірімізді күліп қарсы аламыз», — дейді Лейла.
«Кейбір көлік иелері машиналарын дәл адам жүретін, біз тазалау керек жерлерге қойып қояды. Бұл біздің жұмысымызға қатты кедергі келтіреді», — дейді ол.
«Мен өз мамандығыммен мақтанамын. Қаланы тазартып, нәтижесін көргенде, көзім қуанады. Қала таза болса, адамдардың да көңілі жай», — дейді Лейла.
Керемет! Енбегинин жемисин корсин. Табыс тилеймин.
Осындай қала тазартатын жұмысшыларға үлкен жалақы берсеғой, аянышты екен, байқадыңыздарма, бұл кейіпкер өз жұмысын жақсы көретінін айтып өтті, яғни, адал еңбек! Әттең, менің қолымнан келсе, жалақысын көтерер едім.
Жарайсыз сиздердей аналар бар екенине шукур!!!Кейбир аналар секилди тас бауыр емессиз!
Үй қызметшісінің жұмысы бар, мардымды табыс та қарастырылған. Тамақ, тəттілер əзірлей алады ма екен? Таң сəріден түн ауғанша көшеде тоңып, ыстықтап жүргеннен, барлық жабдықпен қамтамасыз етілген үйде еңбек етуге қалай қарайды екен кейіпкер. Мүмкіндік болса, байланыстырсаңыздар екен, редакция.
Сəлеметсіздер ме! Кейіпкерге Алла күш-қуат берсін. Жаным ашып кетті. Менен бұл кісіге ұсыныс болып тұр. Табысы мардымды үй қызметшілігіне қалай қарайды. Тамақ пен түрлі пісірмелер жақсы əзірлей алады ма екен? Қала ішінде, барлық жағдаймен қамтамасыз етілген үш бөлмелі пəтер. Соның күтімі мен уақытылы тамақ əзірлеуге қыз-келіншектер іздеп жүрміз. Ерсі қылықтан ада, үнемшіл болса дейміз. Таң сəріден түн ауғанша ыстықта күйіп, суықта тоңып көшеде жғргеннен үйдің жұмысы жеңілірек қой. Мұндай ұсынысқа қалай қарайды екен Лейла апай? Мүмкіндік болса, байланыстырсаңыздар екен, редакция.
Жарайсын,Лайла! Бари жаксы болады. Кызыннан рахат коресин али.
Лейла ханым ен алдымен жараткан сизге денсаулык берсин канекей айлыктарын еселес нур устине нур болар еди.
Жарайсын Лəйла! Бейнетіңнің зейнетін көр.АЛЛА күш-қуат берсін.Қызыңның қызығын көр.Адал еңбекпен табылған нан тəтті.Жұмыстың жаманы жоқ
Ләйлә сиякты жандар көп.Өнемейін жулдыздар туралы айтып көрсете бермей осындай адамдардында бар екин билип отырганымыз жөн болады .Әрине казіргі уакытта өте киын жаксы жумыс табу .
жаксы