Басты бетҚоғамТүркістан: мұқтаж...

Түркістан: мұқтаж балаларға мектеп формасын алуға көмек беріледі

Жаңа оқу жылына әлеуметтік осал топтағы отбасы балаларын (52 мыңнан астам) мектеп формасымен және мектеп құралдарымен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 1,9 миллиард теңге қаржы бөлінді. Оған қоса ыстық тамақ пен жазғы демалысқа да қаржы қаралды. Сонымен бірге көп балалы, жетім және ата-ана қарауынсыз қалған балалар да көмексіз қалмайды. Олар үшін арнайы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр. Акцияның 15 күнінде облыс бойынша 778 балаға жалпы 19 миллион 309 мың теңгеге демеушілер тарапынан материалдық көмек берілді. Атап өтер жайт, акция шеңберінде көп балалы отбасылардың барлық балаға мейлінше көмек беру көзделіп отыр, – деді басқарма басшысы.

Дінислам Болатханұлының мәліметіне қарағанда, 7 534 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға 265,7 миллион теңге шілде айында бөлінген. Ал 45 126 балаға 1,6 миллиард теңге тамызда бөлінді.

Фото: Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметі

Сонымен қатар облыстағы экономикалық есептеулер бойынша әр балаға мектеп формасына 35 275 теңгеден және мектепке керекті құралмен қоса есептегенде жалпы 37 389 теңге беріледі.

Айта кетейік, мектеп формасына өтініш бала оқитын мектептің директорына өз санатын белгілей отырып жазылады. Мектепте құрылатын комиссияның қарауы негізінде ақша баланың ата-анасының есеп шотына аударылады.

Еске салсақ, «Мектепке жол» акциясы 1 тамыздан басталып, осы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады. Ал демеуші болуға ниетті жандар Басқарманың +7(707)-684-71-00 байланыс телефонына хабарласуыоа болады.