Полиция дерегіне сүйенсек, бала үйінен түнгі 02.30-да шығып кетіп, оралмаған. Жасөспірім аутизммен ауырады және сөйлей алмайды.
Қазір сол жерде жедел штаб құрылып, жұмыс істеуде. Онда немқұрайлы емес азаматтар қажет ақпаратты алу және іздестіру іс-шараларына қатысу үшін жүгіне алады, — делінген Telegram каналда.
Баланы іздеу жұмысына 500-ден астам адам жұмылдырылған: 350 полиция қызметкерлері, ҚР Ұлттық ұланының 100 әскери қызметшісі, құтқарушылар мен еріктілер. Тұрғын үй аулалары, шаруашылық құрылыстары зерттеліп жатыр. Сонымен бірге қызметтік иттер қолданылып жатыр.