Іс-шараға Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығы, қаланың қоғамдық кеңесінің мүшелері және мекеме қызметкерлері қатысты.
Отырыс барысында агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау саласындағы және «Алматы «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдаудың қорытындылары, сонымен қатар ұсынымдардың орындалу барысы айтылды.
Отырысты ашқан Әлішер Әбдіқадыров мемлекеттік қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жұмысты күшейтуге шақырды.
Әрбір мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған нақты шараларды қабылдауы керек. Сыбайлас жемқорлыққа тек үйлестірілген әрекеттермен ғана тиімді қарсы тұруға болады, — деп хабарлады әкімнің орынбасары.
Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының басшысы Асхат Оразханның айтуынша, аталған іс-шараның мақсаты басқарманың алдағы қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша алдын алу шараларын қабылдау болып табылады.
Сонымен қатар отырыста Алматы қоғамдық кеңесінің төрағасы Алтынай Көбеева көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына бағалау жүргізу үшін қоғамдық кеңестің әлеуетін пайдалануды ұсынды.
Отырыс қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді.