Басты бетЖаңалықтарАлматыда дизель...

Алматыда дизель отынын заңсыз сатқан ЖСШ басшысы сотталды

Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

ҚМА мәліметінше, тергеу барысында ЖШС басшысы жалпы сомасы 14,6 миллион теңгеге 78 тонна дизель отынын шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз сатып алу-сатумен айналысқаны анықталған.

Сот үкімі бойынша айыпталушы кінәлі деп танылып, оған шартты түрде рақымшылық қолдану арқылы 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, — делінген хабарламада.