Кездесуге келген аудан тұрғыны автотұрақ мәселесін көтерді.
Әуезов ауданындағы мәселелердің бірі — автотұрақ. Көшелер машинаға лық толы, көлік жүретін жолдар жартылай жабылып қалған. Нәтижесінде өрт сөндіру, жедел жәрдем көліктері кіре алмай қалады. Көпқабатты автотұрақтар салу керек деп ойлаймын, — деді аудан тұрғыны.
Ерболат Досаев алдағы уақытта көпқабатты тұрақтар салынатынын мәлімдеді.
Жыл соңына дейін Алматыда көпқабатты автотұрақтар салу бағдарламасын ұсынбақпыз. Бұл аулаларды ішінара босатады. 2023 жылы біз жеке инвесторлармен жұмыс істей бастаймыз,- деп жауап берді қала басшысы.