Іздеудегі қыз табылды. Өкінішке қарай, 5 жастағы Мадина Ерланқызы өзенге батып кеткен, — делінген хабарламада.
Еске салайық, Қостанай облысының Жамбыл ауылында 7 тамызда таңертең бес жасар қыз жоғалып кеткен болатын. Баланы 18 бен 13 жастағы екі үлкен әпкесі қарап қалған. Олар таңертең оянғанда, қыз үйде жоқ екенін байқаған. Кейін куәгерлер қызды соңғы рет қашан көргенін айтты.
9 тамызда іздеу шараларына ұлттық ұлан мен шекара әскерлерінің әскери қызметшілері тартылды. Таң атқанда 100 гектар болатын аумақ тікұшақпен қаралады.
Баланы іздеу жұмыстарына тепловизор да қолданылды. Кейін ерікті оны қалай көріп қалғанын айтып берген еді. Жүгері алқаптарының бірінен бала тісінің ізі бар жүгері табылды. Ол сараптамаға жөнелтілді. Іздеу тобы ауыл маңайындағы егістік алқаптарына әуе шарына байланған азық-түліктер қалдырды.
Сонымен қатар Рудный дельтаклубының нұсқаушылары егістік алқаптарын түні бойы дельтапландармен тінтіп шықты.