Полиция 5 жасар Мадинаны іздеу тактикасын өзгертті

Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

Қостанай облысы ПД баланың ерекшеліктерін ескере отырып, іздеуді тыныш режимде жүргізіп жатыр. Аумақты тінту бағыты өзгерді. Бұрын аумақты зерттеу Тобыл өзенінің бойымен жүргізілсе, енді Тобылдан Жамбыл ауылына қарай бағыт алады. Түнде жылу таратқышы бар арнайы бөлімшелер жұмыс істеді, барлау тактикасы қолданылды. Таңертең 4 бағытта 100 шақырымға дейін созылған іздеу аймағын айналып өту қайта басталды, — делінген хабарламада.

Еріктілер, жанашыр азаматтар, сонымен қатар ұлттық ұлан, ШҚ, ҚР ҰҚКД әскери қызметшілері, кинологтар, полицейлер, төтенше жағдайлар департаменті және басқа да құқық қорғау, арнайы органдар қызметкерлері іздеуді жалғастырып жатыр.

Еске салайық, Қостанай облысының Жамбыл ауылында 7 тамызда таңертең бес жасар қыз жоғалып кетті. Баланы 18 бен 13 жастағы екі үлкен әпкесі қарап қалған. Олар таңертең оянғанда, қыз үйде жоқ екенін байқаған. Кейін куәгерлер қызды соңғы рет қашан көргенін айтты.

9 тамызда іздеу шараларына ұлттық ұлан мен шекара әскерлерінің әскери қызметшілері тартылды. Таң атқанда 100 гектар болатын аумақ тікұшақпен қаралады.