5 жастағы қызды іздеу жұмыстары: алқапқа шарға байланған тәттілер қойылды

Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Тәртіп сақшылары осы шараның негізгі мақсатын түсіндірді.

Ол бір жағынан іздеушілерге белгі сияқты беріп тұрады. Әрбір алқапта биік жерде бақылаушылар отыр, олар жоғарыдан бәрін қадағалайды, — дейді полицейлер.

Еске салайық, Қостанай облысының Жамбыл ауылында 7 тамызда таңертең бес жасар қыз жоғалып кетті. Баланы 18 бен 13 жастағы екі үлкен әпкесі қарап қалған. Олар таңертең оянғанда, қыз үйде жоқ екенін байқаған. Кейін куәгерлер қызды соңғы рет қашан көргенін айтты.

Полицияға жоғалған баланы жүгері алқабынан көргендер бары туралы хабар келіп түсті. Алқап қоршауға алынып, дрон көкке көтерілді. 33 гактар және 10 гектар болатын екі жүгері алқабы, екі картоп алқабы қаралды.