Қостанай облысының полиция департаменті Жамбыл ауылының әкімдігінде орналасқан жедел штабтың нөмірін хабарлады. Олар іздестіру жұмыстарына қатысып жатқан бейбіт тұрғындардың әрекетін үйлестіру қажеттігін атап өтті.
Барлық іс-қимылды Жамбыл ауылы әкімдігінде орналасқан жедел штаб арқылы үйлестіруді сұраймыз. Телефон нөмірі: 8 775 105 91 72 ,- делінген хабарламада.
Полицияға жоғалған баланы жүгері алқабынан көргендер бары туралы хабар келіп түсті. Алқап қоршауға алынып, дрон көкке көтерілді. 33 гактар және 10 гектар болатын екі жүгері алқабы, екі картоп алқабы қаралды.
9 тамызда іздеу шараларына ұлттық ұлан мен шекара әскерлерінің әскери қызметшілері тартылды. Таң атқанда 100 гектар болатын аумақ тікұшақпен қаралады.
Қостанай облысының Жамбыл ауылында 7 тамызда таңертең бес жасар қыз жоғалып кетті. Баланы 18 бен 13 жастағы екі үлкен әпкесі қарап қалған. Олар таңертең оянғанда, қыз үйде жоқ екенін байқаған. Кейін куәгерлер қызды соңғы рет қашан көргенін айтты.