Басты бетЖаңалықтарДәрігердің қабылдауына...

Дәрігердің қабылдауына «103» нөмірі арқылы жазылуға болады — Әсет Исекешев

Бұл қысқа нөмір, көпшілік білетіндей, тәулік бойы жұмыс істейді. Енді осы нөмірге хабарласып, дәрігердің қабылдауына жазылуға болады.

«Ғаламтор немесе «103» қысқа нөмірі арқылы кеңес алып, дәрігердің қабылдауына жазылуға болады», — деді Астана әкімі Әсет Исекешев.

Халық алдында есеп беру кездесуінде Астана әкімі халық денсаулығының аса маңызды екендігін атап өтті.

«Ауруханада емделу – денсаулықтың 10%, 50%-ы экология мен салауатты өмір салтына байланысты», — деп қорытты Әсет Искешев.

Айта кетейік, 2016 жылы астаналықтардың өмір сүру ұзақтығы 75 жасты құрады.

ДереккөзSputniknews.kz