Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат олимпиадасының үздік үштігіне енді

Бұл туралы Sports.kz сайты хабарлады.

Қазақстан әйелдер құрамасы тоғызыншы раундта Болгария құрамасын 3:1 есебімен жеңді.

Болгариямен болған кездесуде Жансая Әбдімәлік пен Гүлісхан Нахбаева Қазақстанға жеңіс әкелсе, Бибісара Ассаубаева мен Ксения Балабаева ойынды тең аяқтады. Тоғыз раундтан кейін Польша құрамасы көш бастап тұр, одан кейін Үндістан құрамасы келеді.

Ал Қазақстан ерлер құрамасы тоғызыншы раундта Сербия құрамасынан 1:3 есебімен ұтылып қалды. Мұртас Қажғалеев пен Арыстанбек Оразаев ойынды тең аяқтаса, Ринат Жұмабаев пен Әлішер Сүлейменов жеңілді.

Тоғыз турдан кейін Қазақстан ерлер құрамасы 25-орынға жайғасты.