Нұр-Сұлтанда салмағы 6 келіге жуық сәби дүниеге келді

Медбикелер Исатай батыр деп еркелетіп атап кеткен сәби 4 тамызда дүниеге келді. Анасы баласын жүктіліктің 39 аптасында өзі — табиғи жолмен босанды. Кішкентай нәресте астаналық әйелдің үшінші баласы екен.

Қиын болды. Қалай дегенмен де дәрігерлерге ризамын. Көптеген маман қасымнан табылып, қолдау көрсетті, жағдайымды бақылап отырды. Тіпті босану бөлімінің және босанғаннан кейінгі бөлімнің меңгерушілері де келіп, мені қарап жүрді, — дейді баланың анасы.

Жаңа туған сәби мен оның анасы өздерін жақсы сезінеді және жақын күндері үйге шығады.