Қашаған кен орнында газдың шығуы белгілеріне байланысты жұмыс тоқтады

3 тамызда өндірістік учаске аумағында газдың ауаға шығып кету белгілері анықталуына байланысты «Болашақ» кешенінің мұнай-газ өңдеу зауытында қауіпсіз тоқтату жұмыстары жүргізілді. Стандартты тәртіпке сәйкес, өндірістік нысандарда газ датчиктері жұмыс істегеннен кейін факель жүйесіндегі қысым түсірілді, — делінген хабарламада.

Оқиға кезінде адамдар денсаулығына зиян келмегені хабарланды.

Батыс Ескенедегі ауа сапасын бақылау бекеттерінде ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген нормадан асуы тіркелмеді. Қазіргі уақытта өндірісті қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біз өндірісті тезірек қалпына келтіреміз деп үміттенеміз, — компания өкілдері.