Басты бетЖаңалықтарҰзынағашта атыс...

Ұзынағашта атыс болып, бір адам қайтыс болды

Полиция мәліметінше, 4 тамызда сағат 16:20 шамасында Жамбыл облысы Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға оқ жарақатымен үш жергілікті тұрғын жеткізілген. Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөліміне жеткізілгеннен кейін қаза болған.

Полицейлер дереу деректің барлық мән-жайын анықтауға және қылмысқа қатысы бар тұлғаларды ұстауға бағытталған шараларды қолға алды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жоспар жарияланып, аймақтық полиция бөлімшелерінің жеке құрамы күдіктілерді ұстауға жұмылдырылды, — делінген хабарламада.

Алдын ала анықталған мәлімет бойынша, оқиға бір топ жергілікті тұрғындар арасында болған. Қазіргі уақытта күдіктілердің бәрі анықталған, енді оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.