Басты бетЖаңалықтарМинистр: Коронавирусқа...

Министр: Коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры бар

КВИ-мен ауырған науқастарды емдеу үшін дәрі-дәрмектің және медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемі жеткілікті. Өңірлерде коронавирус инфекциясын емдеу үшін дәрілік заттардың 16 атауы бойынша 2 айлық қор қамтамасыз етілді.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарында жалпы сомасы 1,3 миллиард теңгеден артық дәрілік заттардың қоры бар, — деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Министрлік бөлшек және көтерме сауда орындарда дәрілік заттардың болуына тұрақты мониторинг жүргізіп отырғаны айтылды.

Бүгінгі таңда сауда орындарында қолда бар дәрілік заттардың қоры 2-3 айға жеткілікті және қажет болған жағдайда уақытылы толтырылады.

2022 жылдың басынан бастап медициналық ұйымдарға 6 миллиард теңгеге дәрілік заттар әкелінді. Бұл жылдық көлемнің 70%-ін құрайды, — деді Ажар Ғиният.