Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы бойынша департаменті Innova Gold қаржы пирамидасының жолын кесті. Салымшылардың жалпы саны 1 300-ден астам адам. Қаржы пирамидасының қызметінен келген шығын анықталып жатыр.
Ұйымдастырушыға қатысты «2 айға дейін қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды, — делінген ведомство хабарламасында.
Innova Gold қызметінен зардап шеккен азаматтар ҚР қаржы мониторингі агенттігінің сенім телефонына немесе аумақтық департаменттерге хабарласа алады.