Басты бетЖаңалықтарБірінші класқа...

Бірінші класқа құжат қабылдау аяқталды: 400 мың өтініш түсті

Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім етілгендей, құжатты қабылдау толық 4 айға, яғни 1 сәуірден 1 тамызға дейін созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандықтар шамамен 400 мың өтініш беріп үлгерді. Балалардың 70%-тен астамы мемлекеттік тілде оқуды таңдады.

Өтініштерді қабылдау тәртібі автоматтандырылған және ата-аналар құжатты дәстүрлі форматта да, онлайн форматта да тапсыра алды. Өтініштердің 80%-і электрон форматта берілді.

Ақпаратқа сәйкес, оқу жылының басталуына бір ай қалды. Енді мектептер оқу-тәрбие үрдісін сапалы дайындау мен ұйымдастыруға, класс жиынтықтарын қалыптастыруға кіріседі. Жүргізілетін жұмыстар әлі жеткілікті және ол үшін мектептер тамыз айын тиімді пайдаланады.

Бірінші класс оқушыларының басым бөлігі Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарында, сонымен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында байқалады. Балаларды қазақ тілінде оқытатын кластарға қамтудың жоғары көрсеткіші Қызылорда (89,6%), Ұлытау (86,6%), Маңғыстау (86,2%), Жамбыл (80,4%) облыстарында байқалады, — дейді ққу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасы Гүлмира Кәрімова.